Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Астанада Н. Назарбаевтың кеңсесі жабылады

KAZAKBOL.COM

Таяу уақытта Қазақстанның тұңғыш президентінің кеңсесі жабылады деп мәлімдеді елдің вице-премьері – қаржы министрі Ерулан Жамаубаев. Бұл жөнінде «Интерфакс» агенттігі хабарлады.

«Қазір кеңсені қайта құрылымдау жүріп жатыр. Бір ай, бір жарым айдың ішінде кеңсе жабылады», — деді ол. Оның сөзінше, кеңсе қызметкерлері қысқарады, болмаса басқа қызметке ауыстырылады.

Назарбаевтың кеңсе қызметі «Тұңғыш президент – Елбасы» туралы заңмен реттелген. Бұл заң биылдан бастап күшін жойды. Тұңғыш президенттің кеңсесі мемлекеттік бюджет тарапынан қаржыландырылып келді.

КазТАГ мәліметі бойынша, 2023–2025 жылдарға арналған бюджетте тұңғыш президент кеңсесіне 2023 жылы 1,6 млрд теңге (3 млн доллар), 2024 жылы 1,9 млрд (4,2 млн доллар) және 2025 жылы 2,1 млрд теңге (4,6 млн доллар) бөліну қарастырылған. Биыл наурыз айында қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Назарбаев кеңсесін қаржыландыру 2023 жылға 130 млн теңгеге қысқарды деп мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM