Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Астанада Nur.kz журналисі Ирина Бекетованы өлтіріп кетті

KAZAKBOL.COM

Астанада 25 қыркүйеккке қараған түні журналист Ирина Бекетованы өлтіріп кетті. Полицияның хабарлауынша, журналистің өліміне қатысты 34 жастағы жергілікті тұрғын күдікке ілінген. Қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 37 жастағы Бекетованың денесі өзі тұратын көпқабатты үйдің подъезінен табылған.

«Күдіктіні ұстау шаралары жасалып жатыр. «Кісі өліміне әкеліп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зақым келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Ирина Бекетова 12 жылға жуық «Қазақстан теміржолшысы — Железнодорожник Казахстана» газетінде жұмыс істеген. Соңғы айда Nur.kz ақпараттық сайтымен жұмыс істесе бастаған. Журналистің әріптестері мессенджер арқылы марқұмның отбасына көмек көрсету үшін қаржы жинай бастағанын хабарлады.

Әріптестерінің айтуынша, марқұмның артында төрт баласы қалды.

Ирина Бекетовамен қоштасу рәсімі 27 қыркүйекте «Артем» базарының жанындағы мешітте өтеді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM