Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Астанада оқушылар ауыр сырқаттанған сыныптасы үшін салтанатты шарадан бас тартты

KAZAKBOL.COM

Астанада оқушылар мектеппен қоштасу кешіне жинаған ақшаны қан ауруына шалдыққан сыныптасының ем-домына аударды деп хабарлайды «Хабар» арнасы.

Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Темірлан Мырзағалиев бүгінде Оңтүстік Кореяда емделіп жатыр. Мектеп ұжымы да оқушының тағдырына бей-жай қарамай, өз еріктерімен бір күндік жалақысын қайырымдылыққа бағыттады.

Темірлан Мырзағалиевті емдеу үшін оңтүстіккореялық дәрігерлер «160 мың доллар көлемінде ақша қажет» деген. Оны мамырдың біріне дейін жинау керек. Осыны естіген сыныптастары ойланбастан мектеппен қоштасу кешіне жиналған азын-аулақ қаржыны Темірланның есеп-шотына аударды.

«Сол сәтте ақша өте тез керек болды. Және мектеп бітіру кешіне жиналған ақшамыз дайын болған. Сондықтан біз оны тез бере салуға шештік. Темірлан келгенде біз бәріміз бір жерге барып, өте жақсы уақыт өткіземіз деген сенімдеміз», — дейді Темірланның сыныптасы Жәния Әбдімаш.

Темірланның «Хабар» арнасына кезінде сұхбат берген сәті

Мұғалімдер қауымы да болашағынан зор үміт күтіп отырған оқушыны тағдырдың тәлкегіне тастамай, бір күндік жалақыларын Темірланның есеп-шотына аударды.

«100 мың доллардан артық жинап, оның барлығын сол баланың шотына жіберіп үлгердік. Әрине түгел мектептерге, әсіресе біздің осы басқарушы ұйымымызға үлкен алғысымызды айтамыз», — дейді физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Мейрам Жәкенов.

Биыл мектеп бітіретін Темірланға бүгінде АҚШ-тың 3 және Ұлыбританияның 2 жоғары оқу орнынан ұсыныс түскен. Мектеп басшылығының айтуынша, бұл университеттердің бәрі де қазақ баласына демеу болуға дайын. Мектепте Темірланға сабақ беретін шетелдік мұғалімдер оның алғыр оқушы екенін айтады.

«Көптеген мұғалімдер Темірланды бұрыннан таниды. Осындай ауыр жағдайды естіген кезде олар игі бастама көтеріп, қол ұшын беруге ниетті екендіктерін жеткізді. Бәріміз бірден қолдау көрсетіп, мүмкіндігімізше ем-домға қаржы жинадық. Тез сауығып кетсе екен», — дейді мектеп директорының орынбасары Джон Зенмани.

Сеул қаласында ем алып жатқан Темірлан мектебінің бұл қолдауын біледі. Сондықтан арнайы сәлемдеме жолдап, үлкен алғысын білдірген.

Сыныптастары қажетті соманы жинау үшін қайырымдылық шараларын жиі өткізіп, одан түскен қаржыны Темірланның туыстарына жеткізуде.

Алдағы күндері Астанадағы сауда орындарының бірінде оқушылар концерт беріп, арнайы көрме өткізуді көздеп отыр. Бүгінде бұл шараға балалар жаппай дайындалуда. «Ең бастысы, Темірлан тез сауығып, ортамызға оралса екен» дейді жанашыр достары.



KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM