Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ата-аналардың келісімімен мектептерде бірнеше пән ағылшын тілінде оқытылмақ

KAZAKBOL.COM

Ерлан Сағадиев. Фото: Today.kz

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Алматыдағы ұстаздар қауымымен кездесуінде мектептердегі пәндерді ағылшын тілінде оқыту «ата-аналардың келісімі» бойынша жүретінін мәлімдеді деп жазады Kazdala.kz.

2018 жылдан бастап жаратылыстану ғылымдары ағылшын тілінде оқытылуы мүмкін. «Қазақстан тарихы» пәні жоғарғы сыныптарда — қазақ тілінде, «Дүниежүзі тарихы» орыс тілінде оқытылмақ.

«Үстіміздегі жылдың күзінен бастап жүздеген жаңа сынып ағылшын тілінде оқи бастайды. Қазір 2 700 оқытушы 120-дан астам мектепте ағылшын тілінде оқытып жүр. Ағылшын тіліндегі пәндерді оқыту ата-ананың жазбаша рұқсатымен ғана жүреді», — деді министр.

Министрдің сөзінше, биылдан бастап бес мыңнан астам мұғалім тіл курстарынан өтеді. Сондай-ақ, Сағадиев жоғарғы сыныптарда төрт пәнді ағылшын тілінде 2018 жылдың аяғына таман оқыта бастайтындығын мәлімдеді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM