Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қатал қыздарға неге еркектер үйір?

KAZAKBOL.COM

Көрнекі фото: ikerim.kz

Еркектер неге қатал қыздарды ұнатады деген сауалға ikerim.kz порталы жауап береді.

1. Ондай қатқыл мінез ханымдардың жанында іш пыспайды. Ерлер жалықтыру мен бірсарындылықтың салдарынан өзгеге көз қырын тастауды әдетке айналдырады. Мұндайда ол тек қызға қалай да қол жеткізуді, жүрегін жаулауды ғана ойлайды.

Жаңа құбылыс, өзгешелік іздейді. Оны жаңағы айтқан қатал қыздардың бойынан бірден табады. Иә, ондай арулармен өмір сүру оңай емес, дегенмен іш пыстырмайды, көңілді, әңгімелесу де жеңіл. Ерлер қауымы осы үшін де оның жанында болуға әзір.

2. Ерлердің басым бөлігі қызға қол жеткізуді мақсат етеді. Етке қанағаттанбай, тағы да дәм татқысы келіп, араны ашылған жануарларды елестетіңізші көз алдыңызға. Ерлерді де соған теңеуге болады. Олар дегеніне қол жеткізгенде ғана тыныштанады. Бірден беріле салатын олжа да қызықсыз әрі құны болмайды ғой. Яғни, қатқыл қыздар – құрыққа оңай ілінбейтін олжа.

3. Бұл топтағы арулар өз тартымдылығын жасыра біледі. Сырт көзге қатал болып көрінгенімен ішкі әлемі өте нәзік, жұмсақ болып келеді. Бұл – ерлерді қызықтыратын қасиеттердің бірі. Себебі жұрт алдында қабағын түйіп, қатқылданып жүрсе де, сүйіктісінің жанында сызыла қалатын аруды ерлер шексіз сүйеді.

4. Жүрекке әмір жүрмейді. Бойжеткенді кемшілігіне қарамастан жақсы көретін жігіттерге ештеңе де кедергі бола алмайды. Еркек көзсіз ғашық болса, жағымсыз тұсын байқамайды да.

5. Идеалды ерлер қатары саусақпен санарлық. Олардың қатал аруларды ұнатуына махаббат емес, қаржы, мансап себеп болуы да мүмкін. Мұндай азаматтар дегеніне жету үшін қыздың қандай қырсықтығына да төзуге дайын.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM