Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Атамбаевтың адвокаты Қырғызстанның экс-президентіне қарсы тағы іс қозғалғанын айтты

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 2020 жылдың қазан айында Бішкектегі жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

Тергеу мәліметі бойынша, ол наразылық кезінде түрмеден босап шыққаннан кейін бірден билікті басып алмақ болған. Бұл — оған қарсы қозғалған алтыншы қылмыстық іс. Айыбы дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тергеу материалында Атамбаев бұрынғы премьер-министр Өмірбек Бабановпен өзара мәмілеге келіп, 9 қазанда наразылыққа шыққандарды «агрессивті қадам жасауға» итермелеген. Тергеушілер осы әрекет жаппай тәртіпсіздікке әкеп соқты деп есептейді.

Оқиға кезінде Атамбаевтың көлігіне оқ атылған. Сол кезде оған қастандық жасамақ болды деп мәлімдеді. Митинг кезінде Атамбаевтың жақтастары бұрынғы премьер-министр, сол сәтте түрмеден босап шыққан Сапар Исаковтың көлігіне оқ атқан.

Сол күні Бішкекке төтенше жағдай енгізілді. Атамбаев 10 қазанда ұсталды. Оның адвокаты шын мәнінде экс-президентке қастандық жасалғанын айтады.

Алмазбек Атамбаев 2011-2017 жылдары ел басқарды. Ол 2020 жылдың маусым айында қылмыс әлемінің белсендісін заңсыз түрмеден шығарды деген айыппен 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда 2020 жылдың 30 қарашасында Жоғарғы сот төменгі инстанция сотының шешімін жойып, істі қайта қарауға жіберген.
Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM