Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Атамбаевтың жағдайы нашарлап, жедел жәрдем алып кетті

KAZAKBOL.COM

4 сәуірде Бішкектің Бірінші май аудандық сотында Октябрь оқиғалары бойынша сот отырысы өтті. Онда Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың жағдайы нашарлап, жедел жәрдем алып кетті.

Алмазбек Атамбаев сотта журналистердің сұрағына жауап беріп, өзіне қарсы істі «ұсақтық» деп атаған. Ол түрмедегі жағдайы Сооронбай Жээнбеков тұсындағыға қарағанда жақсы екенін айтты.

Осыған дейін 23 наурызда Атамбаев сот ғимаратына жеткізілген кезде, көліктен шығудан бас тартып, отырыс 30 наурызға шегерілген. Оның адвокаты және туыстары оны сотқа мәжбүрлеп жеткізілгенін, жарақат алып, денесі көгергенін айтып шағымданған.

Президент Садыр Жапаров Атамбаев төңірегіндегі шуға байланысты Фейсбук парақшасына пікір жазып, заң алдында бәрі бірдей екенін, жауапкершілікке тартылған азамат сот алдында таза екенін дәлелдеуі керек екенін білдірген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM