Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Атырау қаласында «Қарулы арулар» байқауы өтті (фото)

KAZAKBOL.COM

Халықаралық әйелдер күні қарсанында Атырау гарнизоның қарулы құрылымдарының әйел әскери қызметшілері «Қарулы ару» конкурсында сайысқа түсті.

 

Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің базасында Атырау гарнизоныны 4 әскери бөлімінің арасында «Қарулы арулар» конкурсы өткізілді. Іс-шара 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ұйымдастырылып, әскери қызметтегі нәзік жанды арулардың беделі мен дәрежесін арттуруға бағытталды.

Конкурс барысында арулар бейнеролик арқылы өздерінің таныстыруын көрсетіп, саптық алаңда АК-74 қаруын жинап-шашып, өздерінің шымырлығын дене жаттығу нормативтарын тапсырып дәлелдеді. Сонымен қоса, нәзік жанды Отан қорғаушылар жиденің жағасын тігіп, противогаз киіп, шығармашылық өнерлерін әділқазы мүшелеріне паш етті. Біреулер вальс билеп, ән салып жатса, екіншілері монолог оқып, өздерінің аспаздық өнерлерін көрсетті.

Жарыстың қортындысы бойынша «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскер қызметшісі сержант Айымгүл Бисенова жеңіске жетіп, «Қарулы ару» атағына ие болды. Ол Қарулы Күштердің қатарында 6 жылдан астап уақыт қызмет етіп келеді, бүгінгі күні офицерге тұрмысқа шығып, әскери жанұя бір ер баланы тәрбиелеп келеді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM