Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Атырау гарнизонында жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өтті (фото)

KAZAKBOL.COM

Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі демартаментінде «Сыбайлас жемқорлықтың және басқа да құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу профилактикасы» тақырыбында семинар өтті.

 

Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша Департаментінің штаб бастығы Рафаэль Тулешев, Атырау гарнизонының Әскери полиция жсағы мен әскери бөлім өкілдері қатысты.

Шара барысында семинарға қатысушылар сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл және жемқорлықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыру және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексі» талаптары шеңберіндегі шектеулерді сақтау мәселелерді талқылады.

Баяндама жасаған Атырау гарнизоны Әскери полиция бөлімшесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы офицері Елдос Мерекеев орын алған сыбайлас жемқорлық қылмыс фактілері туралы ақпарат беріп, жемқорлық тәрізді қоғам дертімен күрес әр әскери қызметшінің тапсырмасы екенін және олар бойынша қолданылып жатқан жүйелі шаралардың нәтижелері туралы айтты.

Бұдан басқа, семинар-тренингке қатысушылармен мемлекет пен қоғамның түрлі өмір шеңберінде туындайтын жемқорлық деңгейін қысқартатын, оның себебі мен жағдайын жоюда қолданылатын превентивті түрдегі шаралар кешені, сондай-ақ, әскери ортада жүргізіліп жатқанжемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жемқорлық жағдайларды азайту және жою, халықтың әскери қызметке деген сенімін арттыру туралы айтылды.

Семинар соңында халықаралық жемқорлыққа қарсы тәжірибенің артықшылықтары, оның әскери салада қолданылу мүмкіндігін талқылаумен өзара пікір алмасу өтті.

 

фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы

Басқармасыныңбаспасөз қызметі

капитан Рустем  Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72(Whatsapp)

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM