Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Атырау облысында салафиттер «салық» жинаумен айналысқан

KAZAKBOL.COM

Салафиттер әр көлік жүргізушісінен ай сайын 5-25 мың теңге аралығында алым-салық алып отырған.

Атырау облысында ақша бопсалап алумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлады sputniknews.kz, ҰҚК баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

«Осы жылдың 31 қаңтарында ҚР ҰҚК Атырау облысындағы департаменті жүргізген шаралардың нәтижесінде Атырау қаласында 2 жыл бойы Атырау-Астрахань, Атырау-Орал, Атырау-Бейнеу қалааралық және халықаралық бағыттарында жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын тұлғалардың ақшасын қорқытып алумен тұрақты түрде айналысқан адамдар тобы құрықталды. Аталған бағыттарда 200-ге жуық автокөлік жүріп-тұрған. Ай сайын әр көлік жүргізушісінен алым-салықтың көлемі 5 мыңнан 25 мың теңгеге дейін құраған», — деп жазылған хабарламада.
Ұсталған тұлғалар деструктивті бағыттағы дәстүрлі емес салафиттік ағымды ұстанғандары белгілі болды.

«ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 2 және 3 тармақтарына сәйкес, аталған қылмыс сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне да тіркелді. Топтың алты белсенді мүшесіне күзетпен қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды», — деп түйіндеді ҰҚК баспасөз қызметі.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM