Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Атыраудағы банкоматтың бірі «пара» деген жазуы бар ақша шығарып берген (фото)

KAZAKBOL.COM

Фото: azh.kz

Атыраудағы банкоматтардың бірін «АЖ» қызметкеріне қарапайым жарыққа көрінбейтін «Пара» деген жазуы бар 2 мың теңгелік купюра шығарып берген деп хабарлайды Ақжайық басылымы.

Бұл кассамен есеп-айырысу кезінде дүкен қызметкері өз аппаратынан банкноттарға жарық түсірген кезде анықталды.

Қызметкер азық-түлік үшін ұсақ купюралармен есептесіп, «параны» Ақжайық редакциясына алып келген.

«Банкомат бірден ақша беру лимиті 10 мың екенін көрсетті, содан соң қандай – ірі, ұсақ немесе біркелкі купюрамен алғым келетіні туралы сұрақ шықты. Соңғысын басқан соң, 2 мың теңгеден үш жасыл қағаз бен бір мың теңгеден төрт жаңа ақша түсті. Бұған дейін менің әмиянымда не жатқанын білгендіктен, қателесуім мүмкін емес еді. Екі мыңдық «параны» маған банкомат берді. Оның үстіне, бірден телефоныма қолма-қол ақша түсіргенім туралы хабарлама келді», — деп әңгімеледі қызметкер.

Бұған қатысты түсініктеме берген  «Қазақстанның Ұлттық банкі» РМК Атырау филиалының қолма-қол ақшамен және кассалық операциялармен жұмыс жөніндегі экономикалық бөлімінің бас маманы Әйгерім Бисенғалиева мұндай банкноттардың ақша айналымында болуға тиіс еместігін бірден атап өтті.

«Ұлттық банк басқармасының қаулысымен бекітілген №477 Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидалары бар. Ультракүлгін жарық түсірген кезде көрінетін бөгде жазбалары бар банкноттар тозығы жеткен банкноттар деп танылады және айналымнан алынып тастауға тиесілі», — деді ол.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM