Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Атышулы емші бала Ерболсын тойда өзбек биін билеп, жұрттың ақшасын жинап алды (видео)

KAZAKBOL.COM

Ғаламтор желісінде Аралқұмнан шыққан емші бала Ербосынның тойда билеп, ән салып жүрген видеосы жарық көрген. Төреғали Төреәлінің «Бол жанымда» әнін шырқап, қонақтардың көңілін көтеріп жүрген видеоны Жасұлан Жеңіс есімді азамат арнасына жариялапты. NUR.KZ порталының тілшілері аталған тойды жүргізген асабамен тілдесіп, емші баланың ел білмейтін сырларын ашып көрді.

Әнші бала Ербосын тойда асабамен бірге ән шырқауда. Фото: Видеодан үзінді.

«Мен Қызылорда аумағындағы тойларды ғана жүргіземін. Емші баламен үш-төрт тойда кездестік. Ол Ақтөбеден Қызылордадағы туыстарының мерекесіне келіпті.

Өзі бір қызық бала. Ән айту қабілеті өте төмен болса да ұялмай ел алдына шығып өнер көрсетеді. Даусы мүлдем жоқ деуге болады. Сахна түгіл тойда өлең айту үшін оған ұзақ дайындалу керек.

Ал, енді биін көрсеңіз күлкіге қарық боласыз. Бір қыз бар, соны ертіп алып екеуі ламбада билейді. Билеп, ән айтқаны үшін қанша алатынын білмеймін. Менің көргенім ол өнер көрсеткен кезде ортаға табақ қойылып, той қонақтары беретін ақшасын сол жерге тастап жатады. Кейін Ербосынның туыстары сол табақты алып кетіп, өзара бөліседі.

Емші бала Ербосын Серікбаевтың лақап аты «Үкілі бала». Фото: NUR.KZ.

Туыстарынан естігенім Ербосын бұрынғыдай адамдарды емдемейді. Бірақ соған қарамастан ауылдастары мен жақындарының арасында өте беделді. Барлық тойдың басты қонағы екен» ,- деді асаба жігіт.

Естеріңізге салсақ, емші бала Ербосын бұрынырақ журналистерге «халықты емдеуді бизнес я болмаса атақ үшін жасамаймын. Атымды шығарғым келсе, ақша беріп жұлдыз бола аламын» деп мақтанған еді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM