Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Атырау гарнизонында әскери-патриоттық жұмыстың қорытындысы жасалды


«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері қолбасшысы полковник Нұрлан Алдияров Атырау облысының әскери-патриоттық клубтардың өкілдерімен және алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушыларымен кездесу барысында аймақтағы әскери-патриоттық жұмыстардың қорытындысын жасап, VI «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық ойынның жүлдегері атанған «Батыс» командасын марапаттады.

 

2020 жылға арналған әскери-патриоттық жұмыстың қорытындысын жасауға облыстың білім беру мекемелеріндегі жас патриоттары, Қарулы Күштердің ардагерлері және әскери алғашқы дайындық мұғалімдері шақырылды. Іс-шараны әскерлер қолбасшысының Басқарамасы мен «Жас сарбаз» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы бірлесіп ұйымдастырды.

Полковник Нұрлан Алдияров өз сөзінде әскери-патриоттық клубтар құрылған әр оқу орнының ортақ жұмыстағы рөлін, сондай-ақ Қарулы Күштер ардагерлерінің жас патриоттардың тәрбие процесіне қосқан үлесін атап өтті. «Айбын» жиынана әскери-патриоттық клубтарды дайындауға қатысқан гарнизонның тәрбие жөніндегі офицерлеріне алғыс жарияланды.

Сонымен қатар, әскерлер қолбасшысы «Батыс» әскери-патриоттық клубының жас патриоттарына Нұр-Сұлтан қаласынан жеткізілген кубок пен медальдарды, сондай-ақ дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыстады.

Екінші жыл қатарынан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының командасы «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жиынында 2 орын алды.

Биыл «Батыс» клубы жарыстың барлық кезеңдерінде жақсы нәтижелер көрсетті. Biz Birgemiz челлендж байқауының нәтижелері бойынша олардың видео ролигі 1,5 миллионнан астам көрілім, 20 мың лайк және 15 мың оң пікір жинады. Сонымен қатар, клуб жастары медициналық дайындық кезеңдерінде және АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және құрастыру кезеңінде үздік нәтиже көрсетті.

Аймақтың алғашқы әскери дайындық мұғалімдері де назардан тыс қалмады. Олардың ішіндегі ең белсенділері өңірдегі әскери-патриоттық жұмысты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттарға ие болды. Әскерлер қолбасшысы барлығын жақсы нәтиже көрсетіп, осы жұмыс бағытын одан әрі дамытуға шақырды және өз кезегінде гарнизонның әскери бөлімдері тарапынан толық қолдау көрсетуге уәде берді.

«Мен мұғалімдерге балаларды осы жарыстарға дайындағаны үшін алғыс білдіргім келеді. Олар жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбиені дамыту бойынша біраз жұмыстар жасады, «Патриот» тоқсандығы мен «Алау» онкүндігі өткізді, сонымен қатар басқа да әскери-спорттық және әскери-қолданбалы жарыстар ұйымдастырды», — дейді «Жас сарбаз» жастардың әскери-патриоттық қозғалысы жетекшісі Нұрлан Елеуов.

 

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

капитан Рустем Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM