Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ауған әйелдері тәліптерден Тәжікстанға қалай қашып келгенін айтты


«Мен өз үйімде тұруды, еліме қызмет етуді армандадым, бірақ одан кетуге мәжбүр болдым», дейді танымал ауған спортшысы, қоғам белсендісі Фаришта Хусейни. «Талибан» қозғалысының содырлары Кабулды алардан сәл алдын Фаришта Тәжікстанға қашқан.

Ауғанстанда тәліптерден қорқатын мыңдаған азамат елден кетудің амалын іздестіріп жүр. Біразы көршілес Тәжікстанға қоныс аударуға мәжбүр болды.

Ауған босқындарының Тәжікстанға келуі туралы ресми ақпарат жоқ. Таулы Бадахшан автономиялы облысының билігі 7 шілдеде көрші елдің мыңнан астам азаматы аймаққа келгенін хабарлады. Сол кезде шамамен 1,5 мың ауған сарбазы «Талибан» содырларынан қашып, Тәжікстанға өткен. Тәжік билігі кейін ауған сарбаздары елге қайтарылғанын мәлімдеді.

Ауғанстанның қанша азаматы елді тәліптеп басып алған соң тәжік жеріне ауғаны белгісіз. Бұның алдында Озоди радиосының дереккөздері 143 ауған сарбазы 16 тамызда тәжіктің Бохтар қаласына келгенін айтқан.

Фариште Хусейни 27 жаста. Ол тхэквондодан Ауғанстан чемпионы. Атлет Душанбеге анасымен бірге келді.

Танымал спортшы «Талибан» содырлары елдің барлық дерлік аймағын басып алып, астанаға жақындаған уақытта Кабулден қашқан. Фариштаның тағдыры қалай болатыны белгісіз. Тәжікстанда өмір сүруге жағдай жоқ, үшінші бір елге өту қиын, елге қайту мүмкін емес.

«Талибан» қозғалысы Кабулды басып алған соң әйелдерге оқуға, жұмыс істеуге кедергі жасамайтынын мәлімдеген. Бірақ олар міндетті түрде хиджаб киіп жүруі тиіс. Әйелдер үйден ер азаматпен ғана шыға алады. Сонымен бірге әйелдер Ауғанстанның болашақ үкіметінің құрамына кіре алады, деген «Талибан» қозғалысының мәдениет жөніндегі комиссиясының мүшесі Инъомулла Самангани. Ауғанстанның мемлекеттік телеарнасына берген сұқбатында шенеунік әйелдер жаңа жүйенің құрбаны болмайды деп мәлімдеген.

Фаришта тәліптердің уәдесіне сенбейді. «Әкемді «Талибан» билігі кезінде өлтірді. Тәліптер бауырымды да өлтірді. Мен Кабулдегі достарыма жиі хабарласып тұрамын. Олар елде жағдай қиын екенін айтты. Адамдар жиырма жыл бұрын елде билік жұрған тәліптердің қандай варвар екенін ұмытқан жоқ», — деді Фаришта Хусейни.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM