Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ауған елшісі: Панджшерде бейбіт тұрғындарды жаппай көмген бірнеше жер анықталды

KAZAKBOL.COM

Ауғанстанның Тәжікстандағы елшісі Мухаммад Захир Агбар Панжшер аумағында 400-ден астам адамның сүйегі көмілген бірнеше жер анықталғанын мәлімдеді.

«Кеше жерлестерімнің бірі тәліптер сотсыз және тергеусіз 400-ден астам адамды атып тастағанын хабарлады. Мен туып-өскен ауылда содырлар 13 ер азаматты өлтіріп, шұңқырға көміп тастаған. Олардың ешқайсында қару болған емес. Бәрі диқандар еді», — дейді дипломат.

Ол журналистерге бірнеше суретті көрсетіп, бұл Ауғанстанды басып алған «Талибан» қозғалысының әскери қылмыстарын дәлелдейді деді.

Тәжік депутаты Саиджафар Усмонзода барлық материалдарды БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдарға жіберуді ұсынды.

8 қазанда «Талибан» қозғалысының Панжшер аймағындағы ресми өкілі Мавлави Ого Мир адамдар жаппай көмілген жер табылғанын, онда Ауғанстанның ұлттық қарсылық майданының үш жауынгерінің денесі болғанын мәлімдеген.

Қыркүйек айының басында «Талибан» қозғалысы Ауғанстанның ұлттық қарсылық майданы қорғап жатқан Панжшер қаласын өз бақылауына алғанын мәлімдеген.

Ауғанстанда бейбіт тұрғындар сотсыз өлім жазасына тартылып жатқанын халықаралық ұйымдар да хабарлап жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM