Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ауғанстан вице-президенті өзін заңды мемлекет басшысымын деп жариялап, тәліптерге қарсы күресуге шақырды

KAZAKBOL.COM

Ауғанстаннан президенті Ашраф Ғани қашып кеткеннен соң, елдің вице-президенті Амрулла Салех өзін мемлекет басшысының міндетін атқарушымын деп жариялап, тәліптерге қарсы күресуге шақырды. Ол бұл жөнінде твиттер парақшасына жазды.

Ол сонымен бірге ешқашан қандай жағдайда болмасын тәліптер алдында иілмейтінін мәлімдеді. «Мені осыған дейін тыңдап келген миллиондаған адамның көңілін қалдырмаймын. Мен ешқашан «Талибан» қозғалысымен бір шатырдың астында өмір сүрмеймін. Ешқашан», — деп жазды вице-президент.

Салех сонымен бірге Ахмад Шах Масудтың аруағын ешқашан сатпайтынын жеткізді. Солтүстік альянстың лидері болған Ахмад Шах Масудты 2001 жылы «Әл-Каида» содырлары өлтірген.

«Талибан» қозғалысы 15 тамызда Ауғанстан астанасы Кабулды басып алды. Ел президенті Ашраф Ғани қашып кетті.

The Washington Post газетінің мәліметінше, АҚШ әкімшілігі 15 тамызда Ауғанстан үкіметінің америкалық банктердегі мемлекеттік қорын бұғаттап тастады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM