Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ауғанстандағы бірнеше жарылыстан 14 адам қаза тапты

KAZAKBOL.COM

25 мамырда Ауғанстан астанасы Кабул мен елдің солтүстігіндегі Мазари-Шариф қаласындағы бірнеше жарылыстан оннан астам адам қаза тапты. Бұл туралы тәліптер басқаруындағы ауған үкіметі хабарлады.

Тәліптер үкіметіндегі ішкі істер министрлігінің өкілі Абдул Нафи Такурдың Азаттықтың Ауған қызметіне хабарлауынша, Кабулдағы бір мешіттегі жарылыста екі адам опат болып, он адам жараланды. Кабул ауруханасындағылар мешіттегі жарылыстан бес адам қаза болып, 17 адам жараланды деп отыр. Шабуыл ақшам намаз уақытында жасалған. Оны бірнеше жанкешті жүзеге асыруы мүмкін.

Әзірге ешкім шабуыл жауапкерлігін мойнына алған жоқ, дегенмен Ауғанстандағы осындай жарылыстарды бұрын «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының құрамына кіретін «Хорасандағы ислам мемлекеті» тобы жасап жүрген.

Балх провинциясының әкімшілік орталығы — Мазари-Шариф қаласында жарылғыш орнатылған шағын автобустарда үш жарылыс болған. Он адам қаза тапты, деп хабарлады жергілікті полиция басқармасының өкілі Мохаммад Асиф Вазири. Жарылыс жауапкершілігін ИМ ұйымының жергілікті бөлімі мойнына алған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM