Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ауғанстанның Тәжікстандағы елшісі: «қате» аударылған 800 мың доллар қайтарылмайды

KAZAKBOL.COM

Ауғанстанның Тәжікстандағы елшісі ауған қаржы министрлігінің елшілікке шамамен 800 мың доллар аударғанын жанама түрде растап, «Талибанның» бұл ақшаны қайтаруға құқығы жоқ деп мәлімдеді.

Тәліптер жасақтаған ауған үкіметі қараша айында Ауғанстанның Душанбедегі елшілігінің есебіне шамамен 800 мың доллар «қате» аударылғанын хабарлап, елшіліктен оны қайтаруды талап етті.

Ауғанстанның бұрынғы үкіметімен тағайындалған елші Мұхаммад Захир Агбар 23 желтоқсанда тәліптердің үкіметі елшілік есебіне қаражат аударғанын жанама түрде растады. Әуелі ол тәліптердің ақша аударылғаны туралы мәлімдемесін «өтірік» деп атап, одан соң: «Кім олар? Ол ақшаны бізден талап етуге қандай құқығы бар?» — деп мәлімдеген.

Бұның алдында кейбір ауған басылымдары елшілік қажетіне аударылған 800 мың долларды Мұхаммад Захир Агбар «қалтасына салып алды» деп жазған. «Пажвок» ауған агенттігінің мәліметінше, биыл 31 шілдеде қаржы министрлігі Тәжікстандағы елшілік қызметкерлерінің айлығы мен медициналық сақтандыруына 87 мың доллар аударған, бұдан бөлек елшілік есебіне 785 мың доллар қате аударылып кеткен.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, биыл наурызда Тәжікстанға сапарлап келген Ашраф Ғани Вахдат қаласында ауған мигранттары үшін мектеп ашуға уәде берген. Кабулға оралған соң президент қаржы министрлігіне мектеп құрылысы үшін 800 мың доллар бөлуді тапсырған.

15 тамызда «Талибан» содырлары Кабулға кіріп, Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Біріккен Араб Әмірліктеріне қашты. Қыркүйекте тәліптер уақытша үкімет құрамын жариялады. Оны Мохаммад Хасан Ахунд басқарды.

Тәліптердің Ауғанстандағы билігін әлем елдері мойындаған жоқ, елшіліктерде бұрынғы ауған үкіметінің дипломаттары жұмыс істеп жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM