Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АВТОБУС ЖЕТПЕЙДІ: ОҚУШЫЛАР 4-5 ШАҚЫРЫМ ЖАЯУ ЖҮРЕДІ

KAZAKBOL.COM

500 оқушыға бар-жоғы 2 ақ автобус. Елорда іргесіндегі Жібек жолы ауылының балалары мектепке қатынайтын көліктен таршылық көріп отыр. Білім алушылардың көптігінен 26 орындық транспортқа, 50-60 адамнан мініп баруға мәжбүр екен. Тіпті, суық күндері көлік қатынасы қиындаған кезде, бүлдіршіндер 4-5 шақырым болатын білім ошағына жаяу баратын көрінеді.

Ал, ата-аналар болса, перзентіміз сабаққа барып келгенше жанымызды шүберекке түйіп отырамыз дейді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Жібек жолы ауылындағы Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы дәл осы мектепте 1200 бала білім алады. Оқушылардың жартысына жуығы арнайы автобустармен қатынайды. Елді мекенде 30 мыңға жуық халық тұрады екен. Аумағы үлкен, саяжайлар көп болғандықтан білім ошағына балалар жаяу бара алмайды. Ал оларға бар-жоғы екі-ақ автобус қызмет көрсетеді. Оның өзі бір күн жүрсе, екінші күні тоқтап қалатын көрінеді. Сол себепті, балалар сабақтан қалып қояды екен. «Сыймаймыз біз. Сосын бізді қалдырып кетеді.

Сосын көбіне автобус өтіп кетеді. Уақытына қарамай». «Людей много. Не помещается в автобус». «Келмегенде, жаяу барамыз. Алыста тұрасың ба өзің? Иә, бірінші микрорайон». «Автобуста қысыламыз. Әрең дегенде сиямыз. Барлығы қысылып, кіп-кішкентай автобусқа». Білім мекемесінің басшысы бұл проблеманы шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқандарын айтады.

Биыл жыл соңына дейін бір ғана автобус алу жоспарларында бар екен. Оған артығына ақша жоқ. Себебі, осы жылға бекітілген қаржыға мектепке жаңа жылу жүйесі мен ғимараттың шатыры жөнделіпті. АҚНҰР ТҮРКІСТАНБАЕВА, И.ҚҰТПАНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ: «Бұл проблемалардың барлығы бүгін ғана туындаған проблема емес. Қанша жылдардан бері келе жатқан проблема. Бұл 2019 жылдың қаңтар айынан бастап жоспарға қойылған. Аудандық әкімшіліктің, Білім бөлімінің жоспарында тұрған мәселелер барлығыда.

Мектепте, 1016 бала оқиды, соның 410 оқушысы тасымалданады. + 00:53 Ауылдық әкімшіліктің әкімінің бекіткен кестесі бойынша, екі автобус тасымалда бар». Ал, Аршалы аудандық білім бөліміндегілер болса, мектептерде қиындықтар барын жасырмайды. Аймақтағы 7 ауылдық білім мекемелеріне 11 автобус қызмет көрсетеді екен. ТАЛҒАТ МӘМБЕТОВ, АРШАЛЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ ӘДІСКЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: «Бізде қазіргі таңда 11 автобус бар. Оның 9-ы ескіргендіктен, жаңалау керек. Балаларды тасымалдайтын автопаркке жаңа көліктер алу көзделуде. Ол үшін аудан әкімдігі жылына 1-2 автобустан сатып алуды жоспарлап отыр».

Ауылдың мектептеріне жауапты білім бөліміндегілер алдағы уақытта елді мекендерге қызмет көрсететін автобустарды жаңалауға ниеттіміз дейді. Бірақ, ол жоспар қашан нақты жүзеге асатыны белгісіз. Түйткілді мәселе өз шешімін тапқанша оқушыларға осындай қиындықпен сабаққа қатынағаннан басқа амал жоқ.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM