Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АВТОБУСТАР АПАТҚА ҰШЫРАДЫ

2

Жолаушыға лық толы автобус көпірден құлап кетіп, 19 адам қаза тапты. Марқұмдардың екеуі бала. Бұдан бөлек, 15 кісі зардап шегіп, оның бірқатары ауруханаға жатқызылды. Сұмдық жол

апаты Ресейдің Забайкалье өлкесінде болды. Ал, Тунисте турсстер мінген автобус жол апатына ұшырап, 26 адам бақилық болды. Жантүршігерлік мұндай оқиғаларға не себеп? Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Забайкалье өлкесін дүр сілкіндірген жантүршігерлік жол апаты кеше жергілікті уақытпен күндізгі сағат үштер шамасында болған. Жолаушылар автобусы биіктігі 10 метр болатын дәл осы көпірден құлап кеткен. Жергілікті тәртіп сақшыларының болжамынша, көліктің алдыңғы сол жақ дөңгелегі жарылып Куэнга өзеніне құлдилаған. 15 тонналық жолаушылар автобусы қатып тұрған өзен үстіне құлағандықтан, кез-келген сәтте мұз жарылып аман қалған жолаушылардың суға кету қаупі туған. Абырой болғанда жақын маңдағы елді мекен тұрғындары дер кезінде көмекке келіп, оларды көліктің ішінен алып шыққан. НИКОЛАЙ БАСОВ, РФ ТЖМ БАС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗАБАЙКАЛЬЕ ӨЛКЕСІ БОЙЫНША БАСШЫСЫ: «Шұғыл мәлімет бойынша, рейстік жолаушылар автобусы Сретенск елді мекеніне 60 шақырым жетпей жолдан шығып кеткен. Жарақат алған 19 жолаушы жақын маңдағы Шилка, Нерчинск, Сретенск қалаларының ауруханаларына жеткізілді. Тез арада «қолдау орталығы» мен «сенім телефондары» іске қосылды. Зардап шеккен жолаушылар мен олардың туыстарымен ведомствоның білікті психологтары жұмыс істеуде». Оқиға орнына тез арада 5 жедел жәрдем мен құтқарушылар бригадасы келген. Ал, арнайы тікұшақ борты өмірі қыл үстінде тұрғандарды Забайкалье өлкесінің орталығы Чита қаласына жеткізген. «Мужика вытягивают. На половину вытащили. Все молодцы вытащили. Они его замарозили». Ірі апатқа байланысты «қауіпсіздікті сақтамау» бабы бойынша рейске жауаптылардың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Аймақта жарақат алғандарға көмек көрсету үшін қаржы жинау басталып кетті. Ал, «қанды рейс» кезінде қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің отбасына жергілікті билік 1 млн рубльден өтемақы бермек. Бүгін аймақ губернаторының шешімімен Забайкалье өңірінің тұрғындары марқұмдарды аза тұтуда. Дәл осындай апат Тунисте де болды. 43 турист мінген көлік құзға құлап кеткен. Алдын-ала болжам бойынша жүргізуші қауіпті аймақта жылдамдықты асырып жіберіпті. Оқыс жағдай 26 жолаушының өмірін жалмаған.

Екі ірі апаттан көз жұмғандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ. Осы ақпараттар шығысымен Сыртқы істер министрлігіне хабарласқанымызда ондағылар осындай жауап қатты.

Первый канал Евразия

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.