Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Аяғы ауыр келіншек құрсағынан әжесінің бейнесін көріп таң қалды (фото)

KAZAKBOL.COM

Фото: metro.co.uk

Британияда құрсақ көтерген Луиза Коркилл атты келіншек ультрадыбыс зерттеуінен өтемін деп жүріп, тылсым әлеммен байланысты жағдайға куә болды деп хабарлайды 24.kz.

15 апталық кезінде жүктіліктің жалпы барысын тексертіп жатқан Луиза, УДЗ аппаратының экранындағы ұрықтың жалпы суретінен өзіне таныс бейнені байқап қалды. Ол кескінді әрі-бері ұқсатып, 2001 жылы өмірден озған әжесінен аумайтынын білген кезде таңқалысында шек болмады.

66 жасында дүние салған әжесінің қазасына кезінде Луиза қатты қынжылған екен. Әжесінің ең болмағанда 70-ке жете алмай кеткені оның қабырғасын қайыстырды.

Он бес жылдан астам уақыт өткен кезде әжесінің келбеті көрініс берген бұл оқиғаны келіншек тек ғана жақсыға жорып отыр. Ол тіпті құрсағындағы болашақ баласын әжесінің рухы желеп-жебеп жүргендігін барлығына айтатын болған.

Енді Луиза бұл ультрадыбыспен зерттеу суретінің сыртын қаптап, бөлмесіне іліп қоймақшы. Тағы бір қызығы, осыған дейін ұл мен қыз тәрбиелеп отырған Луиза осы жолғы баласын, неге екені белгісіз, қыз бала болар деп топшылап келген екен.

Бірақ, зерттеу нәтижесінде оның аяғы ер балаға ауыр екені анықталды.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM