Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қайрат Нұртастың анасы: Келінімнің сөзін естігенде жүрегім жарылуға шақ қалды

KAZAKBOL.COM

Гүлзира Айдарбекова.

Қайрат Нұртастың анасы алғашқы келінін елден таса ұстаса да, шаңырағының табалдырығынан екінші болып аттаған келіні туралы ешқандай бұқпасыз айтып берді. «Жұлдыз ТВ» арнасына берген сұхбатта ол жас келіннің мінезіне айрықша тоқтала өтті.

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, ұлы Аян қазіргі жұбайына бесінші сыныптан бастап ғашық болған. Ал келіннің мінезінің жайлылығы продюсердің көңілінен шыққан.

Сонымен бірге Қайраттың анасы келін түсіру қуанышын неге мейрамханада емес, үй ауласында өткізгенін түсіндіріп берді.

«Неге мейрамхана емес деген сөздер көп болды. Біз өзіміз келін болып түскенде аулада, аға-жеңгелердің ортасында өте көңілді өтетін. Сондықтан біз жолдасымыз екеуіміз соны аңсап, үйдің ауласында өткіздік. Бесінші сыныптан бастап жақсы көрген қызы. Қаланың қызы болғандықтан орысшаға жақын екен, бірақ енді үйреніп жатыр.

Ең бастысы, жүрегінде арамдығы жоқ. Осы жасап жатқан жақсылықтардың барлығын қалай ақтасам екен дегенде жүрегім жарылуға шақ қалды», — деп ағынан жарылды екінші рет ене атанған Гүлзира.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM