Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Айсәуле Бақытбек: Үйде отырып бала туып алудың еш ұяты жоқ

KAZAKBOL.COM

Айсәуле Бақытбек

Баян Мақсатқызының қызы Айсәуле Бақытбек желідегі парақшасына жазба қалдырып, қазақ халқы үшін «ұят» саналатын ұғымдардың қайсысы шын мәнінде ұялуға тұрарлық екенін жіктеп айтып берді. Оның пікірінше, үйде отырып некесіз бала туып алудың еш сөкеттігі жоқ.

«Қоғам кейбіреулердің жүріс-тұрысын шектегісі келгенімен, неліктен олардың көңілі өзін ешнәрседен шектемейтін адамға ауатынын ойланып көрдіңіз бе? Әншілер, инстадағы танымал парақшалар, актерлер немесе модельдер батыстық ой-санамен жүретін тұлғалар. Біздің халықтың санасы қалайша артта қалып қойғаны мені үнемі қызықтырады.

Бәлкім, халық өздері аңдып жүретін сол танымал адамдарға ұқсасығы келеті болар, бірақ олардың әрекеттері дұрыс емес болып көрінеді.

Мемлекетке, басшылыққа, қызметте өсіп кеткен таныстарыңа кек сақтап жүре беруге болады. Бірақ адамда арман, өзін-өзі жетілдіру, дамыту деген болу керек қой.

Әйел біреуге бағынышты емес екенін қашан түсінеміз? Біреудің ашық-шашық жері біздің шаруамыз емес екенін қашан ұғамыз? Бір-бірімізді сынаудың орнына қолдап, демеу көрсеткен әлдеқайда жақсы емес пе? Жас әрі дамып келе жатқан елдің өркениетті азаматы болайық.

Әр адам әртүрлі екенін ұғынбай, діни тұрғыда кемсітіп, өз дініңді тықпалау — ұят.

Туа сала, балаңды далаға тастау — ұят, ал жас кезіңде үйде отырып, бала туып алып, оны өзің сияқты мықты етіп тәрбиелеу — ұят емес.

Оңбаған адаммен адам төзгісіз жағдайда тұрып, онымен ажыраса алмай, үздіксіз жұмыс істеу, осылай өмір сүруді жалғастыра беру — ұят. 

Мемлекеттік қызметке тұрып, елден пара алып, әділдікке ұмтылмау- ұят.

Әйел бола тұра, желідегі суреті үшін өзге бір әйелге жек көрінішпен қарау — ұят.

Өзге біреудің сөзіне еріп, жетегінде кетіп, өз өміріңді соның айтқанымен сүру — ұят», — деген ол өз оқырмандарын өзіне ғана сенуге шақырды.

Nur.kz

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM