Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қайын інісін 15 жылға соттатып жіберген келіншек жалған арыз жазғаны үшін өкініп қалды

KAZAKBOL.COM

Жұлдызхан Баймағанбетова. Скриншот: 31 арна

Жамбыл облысында туған қайын інісінің ішімдік ішкеніне шамданып, тәртіп сақшыларын шақыртқан келіншек жазған шағымына өкініп қалды деп хабарлайды 31 арна. 

Жұлдызхан Баймағанбетова, 11 жастағы қызымды зорламақ болды деп жалған ақпарат бергенімде, туысымның 15 жылға бас бостандығынан айрылатынын білмедім дейді. Арыздың арты бұлай аяқталады деп ойламаған келіншек алғаш түсінік бергенде тергеушінің сөзіне алданып қалғанын айтады.

Туған қайнысын түрмеге отырғызған Жұлдызхан жазықсыз жанға жала жаптым деп жыларман күйге түскен. Айтуынша, мас болып келіп мазасын алған қайнысын тек сабасына түсіру үшін ғана тәртіп сақшыларын шақыртыпты. Алайда, келген арнайы топ алдап арбауына түсірді дейді.

«Қызым аман-сау, не үшін? Мен бүйтіп жазбаймын десем, сіз жаза беріңіз біз өзіміз шығарып береміз қайныңызды, тек бізге арыз түсу керек мына жерге болды деп тұрып алды. Және арыз жазғаныңды үй-ішіңе айтпай-ақ қой деді. Оны жоқ қылып жібереміз, шығарып жібереміз деді», — деп мәлімдеді ол.

Келіншек «қайнымның кінәсіз екенін біле тұра, қолына кісен салдырту — арыма сын, жалған арыз жазғаным үшін қандай жаза болса да өзімді құрбан етуге бармын» деп отыр. Іс насырға шапқанын кеш біліп, талай рет қарсы арыз да жазған. Бірақ тергеу ісінде тіркелмепті.

Содан бері тоғыз рет сот отырысына барып, қайнысының кінәсіз екенін дәлелдеумен келеді. Бірақ бұл әрекетінен түк шықпапты. Қызды сол күні тексеріп, дін аман екендігін растаған Қордайдағы сараптама қорытындысы да сотты көндіре алмапты.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM