Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«ҚАЗАҚ ҮНІНЕ» ШАБУЫЛ және ҚАЗЫБЕК ИСАҒА ЖАЛА ЖАБУ!!!

KAZAKBOL.COM

Кінәлі академик басымен жалған сөз таратып отырған Жұрынов па, тексерусіз жариялаған сайт па, әлде жалған ат жамылған жалақор автор ма?

Құрметті ағайын! Бүгін «Қазақ Үні» ұлттық порталына хаккерлік шабуылдар жасалды. Сайт жабылып қалды. Біздің програмистер қолдан келерін жасап-ақ жатыр. Сәйкестігін қараңызшы, дәл бүгін БАҚ-та «Қазақ Үні» редакциясы мен президенті, белгілі ақын, қоғам қайраткері Қазыбек Исаны арандатушы деп жала жапқан мақала жарық көрді. Бұл таза тапсырыспен жазылған мақала.

Біздің порталға министр мен ведомство жұмысы туралы жарияланған барлық мақалалар өзге ақпарат құралдарынан көшіріліп алынған. Біз екі тараптың да пікірін қатар беріп отырмыз. Ісмақованың материалдары да бізге дейін «Қазақ әдебиеті» мен «Ана тілінде» жарық көрді. Сағадиевтің әрбір жауабын жариялап отырмыз. Шуға айналған мақаланың авторы КТК арнасы. Ал алты академиктің Сағадиевтің әрекеттеріне қарсы шыққан Ашық хаты бізде жарияланған жоқ, тек Қазыбек Исаның мақаласында Абай.кз сайтына сілтеме жасалып, аталып өтті.

Академик Мұрат Жұрынов академик басымен ұлт мүддесі үшін шырылдап жүрген ақын Қазыбек Исаны жалған сөзімен арандатушы етіп отыр… Бірақ, бұл сөзі үшін заң алдында жауап беретінін айтқымыз келеді. «Әділет Елеусізұлы» деген жалған ат жамылған автор да жазасыз қалмайды.

«Қазақ Үні» порталын арандатты деп жала жапқандардың барлығымен заң арқылы күресуге дайынбыз.

«Қазақ Үні» ұлттық порталының Бас редакторы

Азамат Тасқараұлы

Біз белгілі саясаттанушы Мұхтар Тайжанның Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтың жалтарма жауап-видеоларының өтірік екенін әшкерелеген нақты құжаттарды жариялауды жөн санадық. Мәселенің мән-жайын төменде көрсетілген мақаладан оқып біле аласыздар.
KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM