KAZAKBOL.COM

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мен Шекара қызметі Қырғызстанның нотасына байланысты Алматы әуежайында қырғыз азаматтарына тексеруді күшейту себебін талқылаған.

Бұл жайында Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Кәрім Көкірекбаев 19 қыркүйекте қырғыз сыртқы істер министрі Ерлан Абдылдаевпен кездескен кезде айтқан. Ол сонымен бірге Қырғызстанға Қазақстан нотасын берген. Бірақ мәтін мазмұны әзірге жарияланбады.

4 қыркүйекте қазақ елшісі Қырғызстанның сыртқы істер министрлігіне шақырылып, Алматы әуежайында қырғыз азаматтары жүйелі түрде қатаң тексерілетіні айтылып, наразылық нотасы жолданған.

«Кездесу барысында қырғыз тарабы Қазақстанның құзырлы органдарының іс-әрекетіне алаңдаушылық білдіретінін қайтара жеткізді. Қазақстан елшісіне тиісті нота берілді», — деген болатын Қырғызстанның сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Дәл осындай наразылық нотасын Қырғызстан тарабы биыл мамыр айында да жолдаған. Сол кезде Қазақстан қырғыз азаматтарының арасынан халықаралық террористік ұйымға қатысы бар адамдар анықталды деп жауап берген.

Қырғыз азаматтары билік өкілдеріне Қазақстанның арнайы қызметі әртүрлі себептермен әуежайда қатаң тексеріп, мобилді құрылғылардың IMEI-кодтарын жазып алады деп шағымданған.

centralasian.org

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя