Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстан «бақыт коалициясын» құру туралы меморандумға қосылды

KAZAKBOL.COM

Қазақстан «Жаһандық бақыт коалициясын» құру туралы меморандумға қосылды, деп хабарлады ресми баспасөз.

Бұл құжатқа Дубайда өтіп жатқан дәстүрлі Дүниежүзі үкіметтері саммитінде 12 ақпанда Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қол қойды. Меморандумды Біріккен Араб Әмірлігі, Коста-Рика, Мексика, Португалия және Словения қабылдаған.

Қазақстан үкіметінің сайтында дүйсенбі күні жарияланған хабарламада айтылғандай, саммитке қатысушылар «азаматтардың мемлекеттік және әлеуметтік қызметке ризашылығын арттыру» мәселесі талқыланған.

Форумда БАӘ премьер-министрі және Дубай әмірлігінің басшысы Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумның мәлімдеуінше, «әлемге халықтардың бақыты мен әл-ауқаты үшін жұмыс істейтін коалициялардың жаңа түрлері қажет».

Біріккен Араб Әмірліктерінде «бақыт» термині түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдар жұмысының басты мақсаты ретінде қолданылады. Форум 14 ақпанда аяқталады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM