Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстан билігі жүздеген отбасыға алкоголь қолдануға тыйым салды

KAZAKBOL.COM

Қазақстан ІІМ өкілі Алексей Милюктің хабарлауынша, билік сот арқылы бірнеше жүз қолайсыз отбасыға алкогольдік ішімдіктер пайдалануға тыйым салды.

Тыйымды бұзған адам 15 тәулікке қамалуы да мүмкін.

Қазақстанда адамдарға мұндай шектеу қою 2017 жылдың аяғында қолданыла бастады. Сол кезде Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізілген еді. Заң бойынша, ішімдік ішкен адам құқық бұзған болса, сот бұл адамға спирттік ішімдік пайдалануға тыйым сала алады. Соттың мұндай тыйымының мерзімі бір жылға дейін созылуы мүмкін.

Милюк мәліметіне қарағанда, Қазақстан ІІМ органдарында 10 мыңға тарта «қолайсыз отбасы» тіркелген. Олардың барлығы жаңа заңның құрбаны болуы мүмкін. 2017 жылы мұндай тыйым 350 мәрте салынса, 2018 жыл басынан бері 855 рет қолданылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2017 жылы елдің әрбір тұрғыны орташа есеппен 11-12 литр алкоголь пайдаланған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM