Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстан Ертаевты Мәскеуден экстрадициялауға күш салады

KAZAKBOL.COM

Қазақстан Бас прокуратурасы 29 маусымда Мәскеуде үйқамақта отырған қазақстандық бизнесмен Жомарт Ертаевқа Ресейде тұруға берілген ықтияр хатының күші жойылғанын хабарлады.

Ресейлік «Тройка-Д Банк» иелерінің бірі 45 жастағы Жомарт Ертаевты мамырдың басында Ресей қауіпсіздік органдарының қызметкерлері ұстаған. 11 мамыр күні Мәскеудің Пресненский аудандық соты прокуратураның Ертаевқа қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартып, оны үйқамаққа алған.

Қазақстан Бас прокуратурасы Жомарт Ертаевты сырттай Қылмыстық кодекстің 177-бабының 4-тармағы («алаяқтық») бойынша айыптап отыр.

Қазақстан билігі Жомарт Ертаевты «қазақстандық Bank RBK-нің директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі болған кезінде банктен жалған фирманың атына 80 миллион доллардан астам займ алып беруге және оны қайтармауға көмектескен» деп күдіктенеді.

Қазақстан бас прокуратурасының сұрауы бойынша Мәскеудің Пресненский аудандық соты 14 маусымда Ертаевты үйқамаққа алу мерзімін 8 қарашаға дейін ұзартқан. Астананың сұрауы бойынша Ресей Ішкі істер министрлігінің бас басқармасы 6 маусымда Ертаевқа 2017 жылы қарашада берілген ықтияр хаттың күшін жойған.

Бас прокуратура қазір Ертаевты Қазақстанға экстрадициялау процесі жүріп жатқанын айтады.

Мамырда ресейлік БАҚ Жомарт Ертаевтың адвокаты арқылы жолдаған үндеуін жариялаған. Үндеуде Ертаев Bank RBK-да ешқашан жұмыс істемегенін, бұл банктің штатында және акционерлері құрамында болмағанын айтады. Ресейлік «Коммерсантъ» газеті Жомарт Ертаевтың сотта Ресейден саяси баспана және азаматтық беруді мәлімдегенін хабарлаған. Ол өзін қудалаудың саяси астары бар деп білетінін айтқан.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM