источник: Kazinform

KAZAKBOL.COM

Қазақстанда ондаған елдің азаматтарына визаны электрондық форматта рәсімдеу жүйесі енгізіледі. Бұл туралы 24 қыркүйекте мәжілісте үкімет сағатында Қазақстандағы туризм саласын дамыту жөніндегі есебін таныстырған мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, электрондық рәсімдеу виза алу мерзімін бес күнге дейін қысқартады. «Жыл соңына дейін Астана мен Алматы әуежайларында 128 елдің, оның ішінде Үндістан, Қытай, Иран мен Парсы шығанағы елдерінің азаматтарына электрондық виза беру механизмі сынақ түрінде іске қосылады» деді Мұхамедиұлы.

Оның сөзінше, қазір саяси тұрақты және дамыған 64 елдің азаматтары Қазақстанға туристік және басқа да мақсатта визасыз кіре алады. 2018 жылдың соңына дейін Алматы мен Астана қалаларынан транзитпен өтетін Қытай мен Үндістан азаматтарына 72 сағатқа дейін визасыз режим орнатылған.

centralasian.org

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя