Нақтыланған бюджет жобасында 454 млрд теңге соммасында қаражат көзделген.
Инфрақұрылымдық жобалардың арқасында елімізде 13 мыңнан астам жұмыс орындары ашылады. Бүгін ҚР Парламенті Сенатында жаңа заң жобасын таныстырған еліміздің Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Оның айтуынша Үкімет арнайы резервтерді бөлу есебінен 63 млрд теңгені «Жұмыспен қамту жол картасындағы-2020» бағдарламасын қаржыландыруға жұмсамақ. Сонымен қатар биыл бюджеттен 42 жаңа мектеп салуға да қаржы қаралып отыр.
«Нақтыланған бюджет жобасында 454 млрд теңге соммасында қаражат көзделген. Оның ішінде 28 млрд теңге ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферт есебінен оқудың үш ауысымдылығын және мектептердің апаттылығын жою үшін 42 жаңа мектеп салуға қосымша шығыстар көзделеді. 2017 жылы 76 мектептің құрылысын аяқтауға 45 млрд теңге көзделген», деді ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.
Фото:zhualy.zhambyl.kz
KAZAKBOL.COM