Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Мариупольда қоршауда қалған украин әскерлері бағынудан бас тартты

KAZAKBOL.COM

Мариуполь қаласында орыс күштерінің қоршауында қалған украин әскерлері бағынудан бас тартты. Бұл туралы Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль мәлімдеді.

Оның сөзінше, «қала әлі құлаған жоқ» және «украин армиясы Мариупольдың бірқатар бөлігін бақылауында ұстап тұр».

Осыған дейін Ресейдің қорғаныс министрлігі украин әскері қаладағы «Азовсталь» зауытында жасырынып жатыр деген. РИА «Новости» агенттігі орыс күштері шабуыл жасап, Украина теңіз әскерлері 36-бригадасының командирі Владимир Баранюктың көзін жойғанын хабарлаған. Бұл мәліметті әзірге Киев растаған жоқ.

Ресейдің және «Донецк халықтық республикасы» деп аталған жікшіл аймақтардың күштері Мариуполь қаласын наурыздың басында қоршап алған. Содан бері түрлі мәліметтер бойынша 1,5 мыңнан 3 мыңға дейінгі «Азов» батальоны мен теңіз әскерлерінің 36-бригадасының жауынгерлері қала үшін шайқасып жатыр.

Украина билігінің мәліметіне сәйкес, орыс армиясының әскери шабуылынан қаладағы ғимараттардың 90% астамы талқандалған. Әзірге қаза болғандар жайлы толық мәлімет айтылмай жатыр. Бірақ құрбандар саны мыңдаған болуы мүмкін.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM