Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанда АИ-92 маркалы жанармай бағасы арзандады

KAZAKBOL.COM

АИ-92-нің кенеттен арзандап шыға келгеніне жүргізушілердің өздері сеніңкіремей қалған.
Қазақстандағы бірнеше жағармай құю бекеттері халық ең көп тұтынатын АИ-92 маркалы бензин бағасын арзандатты, — деп жазды  Stan.kz.

Бұл ақпарат ресми сайтта тарады. Royal Petrol жанармайдың осы түрін 157 теңгеден сатса, Sinooil – 158 теңгеге дейін арзандатқан

Ал «ҚазМұнайГаз» бекетінде 161 теңгеден сатылып жатыр. Нelios – 162 теңгеден.

АИ-92-нің кенеттен арзандап шыға келгеніне жүргізушілердің өздері сеніңкіремей қалған. Бұған дейін бәйгеге түскендей бағаны бірінен соң бірі қымбаттқан бекеттер енді біртіндеп оны төмендетіп жатыр.

Яғни, литрін 157-158 теңгеге саудалауда. Таразда да баға өзгерген. Бұл Бозымбаевтың болжамы тура келді деген сөз. Естеріңізге салсақ, Энергетика министрі желтоқсан айының басында жанармай арзандайды деп барша жұртты сендіріп баққан.

Алайда, оның артынша іле-шала «Қазмұнайгаз»-дың білдей вице-президенті Данияр Тиесов бензин бір тиынға да төмендемейді деп министрдің мәлімдемесінің жоққа шығарған еді. Сондағы топ-менеджер бағаны арзандатсақ, отынды көрші елдер талап әкетеді дегенді желеу қылған.

Соған қарағанда, күзде бензин бағасы негізсіз көтерілген деген күдік бар. Дегенмен, оған қатысты бағаның өсуін қалайтын мұнай компаниялары әзірге жақ ашпай отыр. Есесіне, жүргізушілер әжептеуір қуанып қалды.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM