Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанда екі ер адам терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталған

KAZAKBOL.COM

Ақмола облысының Бурабай аудандық соты Щучинск қаласының екі тұрғыны, өздерін «салафитпіз» деп есептейтін 30 жастағы Ғалымжан Әбілқаиров пен 28 жастағы Дадаш Маженовті екі айға қамау туралы шешім шығарған.

Олардың адвокаты Бақыт Сүлейменованың сөзінше, екеуін де әлеуметтік желілерде «терроризмді насихаттады» деген күдікпен ұстаған.

«Олар біз ешнәрсе таратпадық. Тек біздің ілген аудионы тыңдаған адамдар болған. Біреуінің достығында 420 адам болған, екіншісінде 300 адам болған», — дейді адвокат.

Ғалымжан Әбілқаировтың әйелі Жадыра Бекенова тыйым салынған діни аудиолекцияны күйеуі мен Дадаш Маженовтің 2016 жылы «ВКонтакте» желісі арқылы тыңдағанын, кейіннен оларды өшіріп тастағанын айтады.

«Бұл екі жыл бұрын болған оқиға. Ол кезде бұл файлдарға тыйым салынбаған. Тек 2017 жылы ғана тыйым салу жөнінде шешім шыққан. Одан кейін күйеуім оларды бірден өшіріп тастады. Бірақ олар Интернеттің базасында қалып қояды екен (google-cash болуы мүмкін. —​ ред.), ҰҚК тауып алған,» — дейді Жадыра Бекенова.

Оның сөзінше, Дадаш Маженов «ВКонтакте» желісіндегі парақшасын әлдеқайда өшіріп тастаған.

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі ресми сұраусыз түсініктеме беруден бас тартты.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM