Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанда әншілерге фонограммамен ән айтуға тыйым салынуы мүмкін

KAZAKBOL.COM

Фонограмма. Көрнекі фото: sn.kz

Парламент сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Қазақстанда әншілерге фонограммамен ән айтуға тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы ол Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының депутаттармен болған кездесуі барысында айтты деп жазады sn.kz.

«Халықпен кездесуіміз барысында бізге тұрғындар тарапынан әншілердің фонограммамен ән айтуына қатысты да сұрақтар қойылады. Біз әрине, артист емеспіз, әнші емеспіз, бұл мәселені толыққанды білмеуіміз мүмкін. Бірақ, Түркіменстан мен көрші өзге де елдерде концерттерде фонограммамен ән айтуға тыйым салынған», — деді сенатор Мәдениет министріне.

Айта кетейік, депутат бүгін министрмен бірге театр ұжымдарымен кездесіп, Мәдениет туралы заңына енгізілгелі жатқан түзетулер мен өзгертулерді талқылады.

«Егер әнші концертке келсе ол өзінің қызметін сатады. Ал, көрермендер — оның тұтынушысы. Олар сол концертті көру үшін ақша төледі. Осы тұрғыдан келгенде тұтынушыға сапалы қызмет көрсетілуі керек. Фонограмма — магнитофон, дискты, кассетаны кез келген адам сатып алып, тыңдай алады. Біз концертке әншінің түрін көру үшін емес, әнін тыңдау үшін барамыз, бізге фонограмманың не қажеті бар дейді сауал қоятын тұрғындар. Осы жағын оңтайлы шешу керек», — деді Сәрсенбай Еңсегенов.

Сенатор Мәдениет туралы заңға өзгертулер енгізген кезде әншілердің фонограммасыз ән айту мәселесін назардан шығармауды ұсынды.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM