Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанда қосымша мемлекеттік жәрдемақы енгізіледі

KAZAKBOL.COM

2018 жылы осы мақсатқа 3 миллиард теңгеге дейін қаржы қажет болады.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда қосымша мемлекеттік жәрдемақы енгізіледі, — деп хабарлайды Zakon.kz.

«2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырамын», — деп мәлімдеді Назарбаев.
Ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес мұндай жәрдемақыны шамамен 14 мың отбасы ай сайын алады.

Елбасының айтуы бойынша, 2018 жылы осы мақсатқа 3 миллиард теңгеге дейін қаржы қажет болады.

Ол сонымен қатар 2016-2017 жылдары зейнетақы мен жәрдемақы үш рет көбейгенін еске салды.

«Базалық зейнетақы, жалпы алғанда, 29 процентке, ынтымақты зейнетақы 32 процентке, бала тууға байланысты жәрдемақы 37 процентке, ал мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақының әрқайсысы 43 процентке өсті. Денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің жалақысы 28 процентке дейін, білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы 29 процентке дейін, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің жалақысы 40 процентке дейін, «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 30 процентке, стипендиялар 25 процентке өсті», — деді Назарбаев.

Мемлекет басшысы республикалық бюджеттің әлеуметтік салаға бөлінген шығыны 2018 жылы 12 процентке өсіп, 4,1 триллион теңгеден асқанын мәлімдеді.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтінін осы сілтемеден оқи аласыз.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM