Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанда Ресейге қарсы санкцияларға байланысты инфляция өседі деп болжанды

KAZAKBOL.COM

Алдағы екі жылда Қазақстанда Ресейге қарсы санкцияларға байланысты инфляция өседі. Бұл туралы үкімет отырысында 4 қыркүйекте Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев мәлімдеді.

«2019–2020 жылдары инфляция өсуі мүмкін, инфляция белгіленген дәлізден шығып кетуі мүмкін. Біріншіден, бұл Ресейге қарсы санкцияларға байланысты. Екіншіден, ұлттық валютаның әлсіреуінен, үшіншіден, мұнай бағасының түсуінен. Төртіншіден, әлеуметтік шығындар мен несиелердің өсуіне байланысты», – деді Данияр Ақышев.

Ұлттық банк басшысының пікірінше, үкімет пен жергілікті билік Ресейге қарсы санкцияларға байланысы бар нарықтарды анықтау жұмыстарын жүргізуі тиіс. Ақышевтің хабарлауынша, тамыз айында инфляция 0,2 пайыз болды.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов теңгенің әлсіреуі бағалар мен тарифтерге әсер ететінін айтты.

Соңғы екі айда теңгенің долларға қатысты құны 7,8 пайызға төмендеді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM