Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстанда сатылатын балалар ойыншығынан улы химикаттар табылды

KAZAKBOL.COM

Бүлдіршіндердің қолындағы қуыршықтардың құрамында фенол, формальдегид секілді улы химикаттар анықталған.
Қазақстанда сатылатын балалар ойыншығының 35 пайызы сыннан сүрініп, талапқа сай болмай шықты, — деп хабарлайды КТК.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің қорытындысы көңіл көншітпейді. Бүлдіршіндердің қолындағы қуыршықтардың құрамында фенол, формальдегид секілді улы химикаттар анықталған. Ойыншық таңдағанда тұтынушылар қандай қағидатты сақтап, сапасыз тауарды қалай ажыратуы керек?

Ананың көңілі балада, баланың бар ойы ойында. 2 жастан енді асқан Асиманың бөлмесіндегі ойыншықтардан көз сүрінеді. Алматылық Дана Насырқызы қазір ойыншық таңдағанда, ойланып алатын болған. Өйткені, Қытайдың сапасыз қаңсығы талай рет сан соқтырды. Тез сынғаны өз алдына, өмірге қауіп төндірген сәттері де аз болмаған.

“Балаға қауіп төндіретін ойыншықтар көп. Иісі де бар. Бала болғаннан кейін ойнайды, оны міндетті түрде аузына салады”, – Алматы қаласының тұрғыны Дана Насырқызы.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті дабыл қақты. Елдегі сүзгіден өткен ойыншықтардың 35 пайызы бала өміріне қауіпті болып шықты. Негізінен Қытайдың 73 пайыз арзанқол тауары біздің балаларды улап жатыр. Түркияның да сапасыз ойыншығы осы тізімде. Сөзге дәйек, былтыр Алматыда Қытайдың ойыншығы бүлдіршін ішегін тесіп жіберді. «Неокуб» деп аталатын тырнақ ұшындай магнит бір жанды жазым қыла жаздады. Атқамінерлер олқылық себебін анықтаудың орнына салдарымен аттандап арпалысып жүргендей.

Ойыншық алуға келгенде көбіне ата-аналар баға арзан деп базарға барады. Бірақ, құны төмен тауардың сапасына ешкім кепілдік бермейді. Ал, мынадай арнаулы дүкендерде әр ойыншықтың өз сертификаты болуы тиіс. Оны талап етуге әр тұтынушының құқығы бар.

Сөредегі бұл ойыншықтардың құны базардан 10-15 пайызға қымбат. Бірақ, сапасына тағар мін, жағар күйе жоқ. Дүкен тек ресми диллерлермен байланыс орнатқан. Тұтынушылар қапыда сан соғып, жарамсыз тауарға ұрынбас үшін дұрыс таңдау жасай алуды үйренуі керек дейді білікті мамандар.

“Брендті ойыншық сатып алсаңыз, қораптың сыртында штрихкоды міндетті түрде болады. Ол бойынша тауардың фирмалық, я көшірме екені туралы ақпарат ала аласыз. Сапалы ойыншықтан артық иіс шықпайды. Көбіне, ата-аналар оған мән бермейді”, – дейді дүкен қожайыны Лариса Берелина.

Комитет жүргізген тексеріс нәтижесінде бір тоннадан астам балаларға арналған тауар сатылымнан алынды. Бірақ, жылына бір-екі мәрте болатын сараптамадағы салғырттық олқылыққа толы ойыншықтардың тамырына балта шаппасы анық.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM