Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Қазақстандағы салафизмнің «көсемі» деп айыпталған Дарын Мұбаров кім?

KAZAKBOL.COM

Ақтөбедегі оқиғаларды билік салафизммен байланыстырғаннан кейін, аталған бағытты насихаттап жүр деп айыпталатын Дарын Мұбаровтың осыдан екі жыл бұрын отандық БАҚ-қа берген сұхбатын жариялауды жөн көрдік.

Елімізде «теріс ағымға насихаттайды» деп ізінен жиі алып-қашпа әңгімелер жүретін Дарын Мұбаров мұның барлығын жала деп атап, «Алаш айнасы» басылымына 2014 жылы үлкен сұхбат  берді.

Тілшінің «таза ислам дінін насихаттайтынын  қалай дәлелдейсіз?» деген сауалына Мұбаров: «Мұны ажырату, анықтау қиын емес. Кез-келген ағымның, сектаның алғашқы сипаты — жекелеген адамға, белгілі бір топқа немесе өзіне шақырады. Ал тура жолдағы дін насихатшысы тыңдаушысын Аллаға және оның Елшісіне шақырады. Ал Алланың ақиқи діні болса, тыныштықты сақтауға, мемлекеттің тұтастығына қызмет етуге, елдің рухани келбетін сақтай отыра өсіп-өркендеуіне үндейді. Өйткені, Аллаға, ақырет күніне сенген мұсылман өзі үшін, Отаны, отбасы үшін жауапты адам. Сондықтан, мені «ағымға шақырады» деген сөз — жала. Жала болғанда да қисынсыз, құйрығы бір тұтам өтірік», — деп жауап берген болатын.

Мұбаровтың ізінен ергендер «шейх» деп атайды екен.

Бұған қатысты ол:  «Шейх деп құрметті, сыйлы кісілерге қарата айтылады. Бір кісілер мені шейх деп жатса, құрметтеген, сыйлаған сөзі ғана деп түсінемін», — деген түсініктеме берді.

Дін жолында жүрген көптеген бауырларымыздың рухани ұстазына айналған Мұбаров сондай-ақ өзі айтып жүрген насихат Діни басқармадан бөлек бағытта емес дегенді алға тартты.

Сонымен қатар ол еш уақытта қазақтың салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрпына қарсы шықпағанын бас айтты.

«Қаймағы бұзылмаған қазақ ауылында туып-өстім. Қазақстан түгілі, шетелде жүрсем де басымнан қазақы тақиямды тастамауым дәлел шығар», — деді ол.

Шариғатта кісінің ішкі дүниесі жайлы долбар айтып, домалақтап сөйлей салуға тыйым салынғанын алға тартқан шейх Дарын өзі туралы түрлі әңгімелер айтпауды сұрады.

Соңымен бірге не себепті оның насихаттары ғаламторда кеңінен таралып кетті деген сауалға ол жүрген жерінде насихат айту — мұсылман баласының парызы екенін жасырмады.

«Бекболат Тілеухан, Мұхамеджан Тазабековпен байланысыңыз қаншалықты?» деген сұраққа Мұбаров: «Арнайы кездесіп, отырып талқылайтындай ортақ шаруамыз жоқ. Ортақ таныстарымыздың жиын-тойларында кездесіп қалғанда, амандық-саулық сұрасамыз.

Бекболат аға жеңгемізбен отау құрған кезінде некесін қию нәсіп болған еді», — деп жауап берді.

Мұбаров осы күнде (сұхбат 2014 жылы берілген — ред.) 20 бала тәрбиелеп отырғанын жасырмады.

«Ия, жаңа айтылған ұлым Әділ — он тоғызда. Ең кіші ұлым Ысқақ — әлі бір жасқа толған жоқ. Ал санына келер болсақ, бұрынғы апаларымыздан естігеніміздей қып айтайын, менің балам емес, Құдайдың бергені – жиырма. Оның он жетісі өзімнің белімнен. Үшеуі аналарымен ілесіп келген. Бірақ оларды да бөліп-жармаймыз. Өз перзентімізден кем көрмейміз. Тағы басқа сұрақ туып келе жатқан шығар, бірден айта кетейін, жасыратыны жоқ, мен – төрт жерден төс жеген адаммын», — деді ол.

 

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM