Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстандағы әскери шеруге үш мың жауынгер қатысты

KAZAKBOL.COM

Қазақстанда 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні қарсаңында әскери шеру өтті.

Шеруге үш мыңға жуық жауынгер, шамамен 40 ұшу аппараты, сонымен бірге 300 жаңа әскери техника қатыстырылды. Салтанатты шеруді ел президенті, Жоғарғы қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев басқарды.

Шерудің өзі Жамбыл облысындағы «Отар» әскери база полигонында өтті. Хабарларға қарағанда, Назарбаевтан бөлек, бұл шеруге облыс әкімдері қатысқан. Оларға аймақ қорғанысы тулары табысталды. Одан соң шеруге қатысушылар көрермендердің алдынан жүріп өтті.

Ең соңында әскери техникамен тактикалық әрекеттер жасалып, «Жетісу» ұшқыштары өнер көрсетті.

7 мамыр мемлекеттік мереке саналады, алғаш рет бұл мереке 2012 жылы президент жарлығына сәйкес тойлана бастады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM