Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстандық кәсіпкер құны 14 мың доллардан басталатын жаңа смартфондар шығарды

KAZAKBOL.COM

Ұялы телефон. Көрнекі фото: hommes.kz

Қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев құны 14 мың доллардан басталатын жаңа смартфондар шығарды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бұл туралы белгілі блогер Ержан Рашев hommes.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

«Бұл телефонның бағасын алғаш естігенде сенбедім. Израильде өткен смартфонның тұсаукесеріне барудағы мақсатым осындай қымбат гаджетті 14 мың долларға кімдердің сатып алатыны қызықтырды», — дейді блогер.

Желтоқсанның басында Кеңес Рақышевтың Sirin Labs компаниясы телефондағы барлық мәліметтерді кибершабуылдан 100 пайыз қорғайтын жаңа смартфонын елге таныстырған болатын.

Фото: hommes.kz

«Бұл телефон жаппай халыққа арналмаған. Қазақстанда қанша адамның осы телефонға қолы жететінін мен білмеймін, бірақ бұл – өте көп сома үшін жауапты белгілі бір санаттағы адамдарға лайық. Өзіңізді миллиард долларға жауапты адамның орнына қойып көріңіз. Ондай адамға кибершабуылдан сенімді қорғаушы телефон алуға 14 мың доллар деген түк емес. Қазақстандық қоғамда бай адамдар тыныштықты жақсы көреді. Олар өзінің телефонмен сөйлескен әңгімелерін, контакттерін, кез келген өзі туралы ақпараттың құпия болғанын қалайды», — дейді сұхбатында Ержан Рашев.

Блогердің айтуынша, банкте 5000 доллары бар қарапайым халыққа мұндай сомадағы телефонды сатып алу қисынсыз. Бірақ, осындай гаджет сатып алу — қазақстандықтар үшін байлықтың белгісі болып, ынталандыруы тиіс.

Ержан Рашев қазақстандық инвесторлардың өз капиталын әзірге Израильдің IT-нарығына болса да, осындай кәсіпке салып жатқанынымен мақтанатынын жеткізді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM