Ермек Тайшыбеков. Фото әлеуметтік желіден алынды
Қазақстанның Ресейге қосылуын қалайтын атышулы Ермек Тайшыбековтің түрмедегі суреті жарияланды деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ермек Тайшыбековті былтыр Жамбыл облысы Қордай аудандық соты «әлеуметтік желідегі жазбалары арқылы ұлтаралық араздық тудырды» деп айыптап төрт жылға соттаған болатын.
Атап айтқанда, ол «Қазақстанда билікті барлық мүмкіндікті пайдаланып, қажет болса күшпен басып алып, Ресейге беру керек!», «Менің атам, әкемнің әкесі 1937 жылы Кремль саясатына қарсы шыққан қазақ сепаратистерін атқан болатын. Мен де 2016 жылы немесе 2019 жылы Мәскеуге қарсы қолына қару алған қазақтардың көзін жоюға қатысуым мүмкін» деген посттар жазғаны үшін сотталды.
KAZAKBOL.COM