Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстандық әйел Сирияда қандай қорлық көргенін айтып берді

KAZAKBOL.COM

Әйелдің күйеуі әлі Сирияда жүр.

Оралдық төрт баланың анасы Сирияға неліктен кеткенін айтып берді, — деп жазады Sputnik Қазақстан  «Мой ГОРОД»-қа сілтеме жасап.

29 жастағы Динаның (аты өзгертілді) айтуынша, 2011 жылы ол әлеуметтік желіде болашақ күйеуімен танысып, онымен бірге Пәкістанға қашып кеткен. Содан кейін олар Түркияға заңсыз өтіп, онда үш жыл тұрады, осы уақытта екі қызы дүниеге келген.

«Кейін біз Сириядағы өмір жайлы видеороликті көрдік. Видеода бәрі жақсы, бәрі шариғат бойынша өмір сүретіні айтылды. 2015 жылы халифат құрылғаны жарияланған кезде біз жақсы өмір іздеп, Сирияға кеттік», — дейді Дина.

Ол жақта тағы екі баланы дүниеге әкелген. Дина отбасы ДАИШ (ИГИЛ) берген ақшаға күнелткендерін айтады. Алайда күн сайын төленетін сома қысқарып отырған.

«Біз Сирияға келіп, бос қалған үйлердің бірінде тұрдық. Бірақ Сирияда өмір бізге айтылғандай жақсы емес екен. Ондағылар шариғат заңдарын ұстанбайды. Біз ДАИШ берген ақшаға күн көрдік. Әуелі басқа соманы уәде етіп, іс жүзінде одан аз төледі. Оның үсінде әр жолы көлемі азайып отырды. Соңғы рет отбасымызға 30 доллар берді. Бұл ақшаға біз тек азық-түлік пен алғашқы қажеттіліктегі заттарды сатып алдық «, — деп түсіндірді әйел.

Оның айтуынша, роликтерде айтылған өмір шындыққа жанаспайды. Отбасыны шақырған кезде, егер бір нәрсе ұнамаса, кез келген уақытта қайтып кетуге болатынын айтыпты. Бірақ олай болмай шыққан.

«Ол жақтан сізді ешкім жібермейді. Қашуға тырысқандарды ұстап әкеліп, түрмеге отырғызады. Егер қашқанына өкінетінін айтса, жібереді. Олай етпесе, өлтіреді. Біз үйге оралуымыз керек деген шешімді өзіміз қабылдадық. Алайда ола жақтан жолға шығу өте қиын болды. Ең алдымен, кімге сеніп, көмек сұрарыңды білмейсің. Бір күні әйелдер ғана жүруге болатын жолды білетін сириялық табылды. Қыркүйекте өзге қыздармен бірге күрдтерге барып, оларға өзіміз берілдік. Ол жақтан бізді 13 қараша күні Ресей Федерациясының Грозный қаласына алып келді. Ол жерден ата-анамның үйіне келдім», — дейді әйел.

Әйелдің күйеуі әлі Сирияда жүр, бірақ ол әскери ұрыстарға қатыспаған.

«Күйеуім әлі күнге дейін Сирияда жүр, өйткені ер адамдарға ол жақта жол жоқ. Ер адамдарға кету қауіпті. Егер содырлар отбасы қашып кеткенін білсе, оны өлтіреді», — деп түйіндеді Дина.

Әйел төрт баласымен бірге ата-анасымен тұрып жатыр. Дина балаларын балабақша мен мектепке беру үшін оларға құжат жасатпақшы.

Сирияда болғаны үшін Дина қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM