Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақ телевизиясының шындығын жайып салған журналиске басшылық жауап берді

KAZAKBOL.COM

Ринат Кертаев, Бибігүл Дәулетбекқызы. Коллаж: NUR.KZ

Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы әлеуметтік желіде «Хабар» Агенттігі Төраға Басқармасының орынбасары Ринат Кертаевқа өкпесін жазып, өзінің авторлық бағдарламасын ұрлап алғанын айтқан. Әріптесінің базынасына Ринаттың өзі желідегі парақшасында жауап берді.

«Біріншіден, «Хабар» Агенттігінің Көркемдік кеңесіне Бибігүл Дәулетбекқызынан «Ай-хай, 25» деген атпен ешқандай бағдарламаның жобасы ресми ұсынылған жоқ. Бірақ, менімен кездесуінде бірнеше жобасымен қатар «Ай-хай, 25» турасында да ауызша баяндағаны рас. Былтыр, яғни Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ширек ғасыр ішінде еліміздің жеткен жетістіктері көрсетілетін басқа да жобалар Көркемдік кеңеске ұсынылған болатын.

Соның бірі – «Fresh TV» компаниясының идеясы. Бағдарламаның авторлары және сценаристері – Әсел Қайролла және Алмас Тоқабаев. Аталған авторлар және өндіруші компания бағдарламаның атауына қатысты мынадай ұсыныстар берген: «Өскен өркен», «Пай-пай, 25», «Ширек ғасыр». Көркемдік кеңестің шешімі бойынша аталған жоба эфирге шығаруға лайық деп танылып, оның «Пай-пай, 25» деген атауына тоқтаған болатын», — дейді ол.

Ринат Бибігүл өзінің бағдарламасы екенін айтқан «Пай-пай, 25» жобасын авторлық құқықтарға сай толық жүзеге асырылғанын алға тартуда.

«Екіншіден, «Пай – пай, 25» жобасы авторлық құқық талаптарына толықтай сай жүзеге асырылған бағдарлама. «Fresh TV» компаниясы бағдарлама жасау және прокат талаптарына сай «Хабар» Агенттігіне бағдарламаның авторлық құқықтарын тапсырды. Авторлық құқық саласындағы заңнама талаптары толықтай сақталған және «Хабар» Агенттігіне тиесілі.

Әрине, «Пай – пай, 25» деген сөздің «Айхай 25» деген сөзге ұқсастығы бар болғанмен, құрылымы мүлдем басқа. Біздің арнадан өткен бағдарламада ел өміріндегі елеулі оқиғалардың жай-жапсары жан-жақты баяндалды. Студияға келген танымал тұлғалар (саясаткерлер, спортшылар мен зиялы қауым өкілдері) өз естеліктерімен бөлісіп, еліміздің өткені мен келешегін талқылайды. Осылайша, Бибігүл Дәулетбекқызы ұсынған «Айхай 25» жобасымен ешқандай ұқсастығы жоқ және бұны менімен кездесуінде өзі де мойындаған болатын. Қажет болған жағдайда, Агенттік заң жүзінде өз құқығын қорғап шығуға дайын», — деп жазады Кертаев.

Ол Дәулетбекқызының бір ғана ұйғарымымен келісетінін және азаматтық қоғам деңгейін арттыратын кез-келген жобаны қарастыруға әзір екенін мәлімдеді.

«Бибігүл Дәулетбекқызының осы жазбаларынан тек бір ұйғарымына толық келісемін. Ешқандай қызмет те, мансап та мәңгілік емес. Мен үшін халықтың мүддесі алғы орында. Сондықтан, бұл мүдде жолында кіммен болсын кездесуге дайынмын, қандай идея болсын қарастыруға әзірміз. Біздің Агенттікке қарасты эфирден өтетін жобалардың бәрі Көркемдік кеңесте қаралатынын ескерткім келеді. Жобаны қарау я оны эфирге жіберу бойынша шешімді мен жалғыз қабылдамаймын. Тағы да қайталап айтамын, мемлекетшілдік сананы бекітетін, азаматтық қоғамның деңгейін арттыратын, әр азаматтың туған жеріне деген сүйіспеншілігін көтеретін кез-келген жобаны қарастыруға әзірміз»,- деп жазады Ринат.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM