KAZAKBOL.COM

Димаш Құдайберген

Қытай елінің ең беделді орталық Hunan TV телеарнасы 2 млрд xалыққа қазақтың жас әншісі Димаш Құдайбергенді таныстырды деп хабарлайды «Тілші».

Фото: ғаламтордан алынды

Бұл туралы жас әншінің досы Алпамыс Шаримов өзінің Instagram желіcіндегі парақшасында:

«”I am singer” деп аталатын байқаудың биыл 5-ші маусымы. Қытайдың, тіпті, алыс-жақын шет елдің «сен тұр, мен атайын» әншілері, танымал жұлдыздары, күллі әлем, стадион мен ареналарды жинап жүрген 6 әншісіне қарсы біздің Димаш бағын сынап, бәйгеге түседі. Бұл жас әншілердің жарысы емес, Димашқа қарсы «Қытайдың Роза Рымбаевасы, Алла Пугачевалары (сіздерге түсінікті болу үшін жазғаным)» қарсы шықпақ. Біздің бала ең жасы. Бұл бұрынғы байқаулардан мүлдем бөлек. Ақтық сынға дейін жету үшін үлкен еңбек, үлкен дайындық болды», — деп жазған.

Алпамыс бұл сайыс 2 млрд xалыққа Димашты, Димаш арқылы қазақты танытатын үлкен мүмкіндік екенін айта отырып:

“Димаш үшін әрбіреуіңіздің айтқан тілектеріңіз бен ниеттеріңіз өте маңызды! Сондықтан, бәйгеге шапқан ұлдарыңыз үшін «тақымдарыңызды» қысып, дұға-тілектеріңізді оқып, баталарыңызды беріп отырсаңыздар, содан асқан шабыт бар ма?! Қазақ, қолда қазақ баласын!”, – деп қазақстандықтарды Димашты қолдауға шақырады. 

Фото: tilshi.kz

Сондай-ақ, Димаштың анасы, әнші Светлана Айтбаева Ақтөбеге Қытайдан түсіру тобы келіп, Димаш жайлы фильм түсіретінін жеткізген.

«Бұл байқауға біз екі жыл бұрын өтініш жолдадық. Шара басталмайынша ол туралы ешқайда хабарламауымыз керек болды. Байқау шарты сондай. Байқау әділ өту үшін Димаштың қасында оның жүріс-тұрысы, ішетін тамағына дейін қадағалап отырады. Қобалжимыз, әрине! Енді осы айдың ортасында Қытай телевидениесінің өкілдері келіп, баламыздың оқыған оқуы, ортасы жайлы фильм түсірмек», — деді ақтөбелік әнші Светлана.


Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя