Фото: comode.kz
«Менің махаббатым, өткен туған күніңмен (8 наурыз). Жуырда өмірімдегі ең маңызды сәт орын алған жазбамды жариялаймын», — деп жазды ол.
Фото: comode.kz
Сүйіктісі Алена Краснова оның ұсынысын қабыл алған.
comode.kz басылымының жазуынша, Алена есімді арумен кездесіп жүргеніне шамамен үш жыл болған. Олар алғаш рет Сочидегі «Новая волна» байқауына бірге шығып, ел назарына түскен.
Фото: comode.kz
Алена Краснова ірі бизнесменнің қызы. Никитамен 17 жасынан бері таныс болған, себебі олар көршілес үйде тұрады.
Алена Никитаның жұлдызды ата-анасымен де жақсы таныс, олар үнемі отбасылық отырыстарда бас қосады.
Аида мен Никита. Фото: comode.kz
Естеріңізге салсақ, Пугачеваның немересі қазақ қызы Аида Қалиевамен ұзақ уақыт жүріп, Қазақстан жұртшылығының назарына түскен болатын. Жастар АҚШ-та оқып жүрген кезінде танысып, таныстық махаббатқа ұласқаны белгілі.
Аида мен Никита. Фото: comode.kz
Үш жылдай бірге жүрген жұп кейіннен үйленетінін де мәлімдеп, елге жар салған. Алайда олардың махаббаты беріктігімен ерекшеленбеді. Белгісіз себептермен олар айырылысып кетті.
KAZAKBOL.COM