Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақ қызымен жүрген Пугачеваның немересі ірі бизнесменнің қызына үйленетін болды (фото)

KAZAKBOL.COM

Фото: comode.kz

Қазақ қызымен жүрген Алла Пугачеваның немересі Никита Пресняков өзінің жаңа сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында айтты.

«Менің махаббатым, өткен туған күніңмен (8 наурыз). Жуырда өмірімдегі ең маңызды сәт орын алған жазбамды жариялаймын», — деп жазды ол.

Фото: comode.kz

Сүйіктісі Алена Краснова оның ұсынысын қабыл алған.

comode.kz басылымының жазуынша, Алена есімді арумен кездесіп жүргеніне шамамен үш жыл болған. Олар алғаш рет Сочидегі «Новая волна» байқауына бірге шығып, ел назарына түскен.

Фото: comode.kz

Алена Краснова ірі бизнесменнің қызы. Никитамен 17 жасынан бері таныс болған, себебі олар көршілес үйде тұрады.

Алена Никитаның жұлдызды ата-анасымен де жақсы таныс, олар үнемі отбасылық отырыстарда бас қосады.

Аида мен Никита. Фото: comode.kz

Естеріңізге салсақ, Пугачеваның немересі қазақ қызы Аида Қалиевамен ұзақ уақыт жүріп, Қазақстан жұртшылығының назарына түскен болатын. Жастар АҚШ-та оқып жүрген кезінде танысып, таныстық махаббатқа ұласқаны белгілі.

Аида мен Никита. Фото: comode.kz

Үш жылдай бірге жүрген жұп кейіннен үйленетінін де мәлімдеп, елге жар салған. Алайда олардың махаббаты беріктігімен ерекшеленбеді. Белгісіз себептермен олар айырылысып кетті.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM