Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Азаттық радиосы Бішкек бюросының басшысын милицияда екі мәрте тергеді

KAZAKBOL.COM

Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің Бішкектегі бюросының жетекшісі Айзада Қасымәлиева шілде айында екі мәрте милицияға тергеуге шақыртылды.

Ол Қырғызстанның сыртқы қарыздары туралы материалдарға қатысты сауалдарға жауап берді. Милиция қызметкерлері мұндай материалдар не себепті жарияланғанын сұрады.

Одан соң тергеушілер әңгімені құпия сақтау туралы хаттамаға қол қоюын сұрады, бірақ «Азаттық Медиа» жетекшісі құжатқа қол қоюдан бас тартты. Тергеуге қатысқан заңгер Акмат Алагушевтің айтуынша, тергеушілердің бұл талабы заңға қайшы келеді.

5 шілдеде «Азаттық Медиа» жетекшісі Айзада Қасымәлиева оппозициялық саясаткер Равшан Жеенбековтің Қырғызстанның сыртқы қарызы туралы мәлімдемесіне қатысты тергеуге куәгер ретінде шақыртылды.

1 шілдеде Жогорку Кенеш экс-депутаты Равшан Жеенбеков өзін ұстағаны туралы хабарлады. Ол милицияда бірнеше сағат бойы тергелген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM