Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ақтөбеде Covid жұқпағаны жайлы анықтаманы сатты деп айыпталған дәрігерге үкім оқылды

KAZAKBOL.COM

14 қыркүйек күні Ақтөбе соты ПТР тесттің жалған анықтамасын сатты деп айыпталған дәрігер мен оның күйеуіне үкім оқыды. Сот үкімі күшіне енсе, қылмыстық жауапқа тартылған ерлі-зайыптылардың әрқайсысы 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

Тергеу материалдарына қарағанда, Ақтөбе тұрғыны жеке клиникалардың бірінде дәрігер болып істейтін әйеліне ПТР тесттің жалған анықтамасы қажет клиенттерді тауып беріп отырған. Дәрігер әйел тоғыз адамға коронавирус жұқтырмағанын растайтын жалған құжат жасап берген. Әр құжат үшін 7500 теңгеден алған.

Тергеу дәрігер мен оның күйеуін Қылмыстық кодекстің 385-баптың 2-бөлігімен («Жалған құжаттарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу») айыптаған. Прокуратура айыпталушылардың бас бостандығын бір жылға шектеуді сұраған.

Ерлі-зайыптылардың құқығын қорғаған адвокат Мәлика Байдекенованың сөзінше, сотталушылар өзіне тағылған айыпты толық мойындап, қатты өкінген.

— Бұл — ойланбай істелген қылық. Бұқаралық ақпарат құралдары ПТР тестің жалған анықтамасын жасаушылар туралы жаппай жаза бастағанда ерлі-зайыптылар ес жиып, жалған құжат жасауды тоқтатқан. Сот олардың кәмілетке толмаған үш баласы барын ескеріп, әрқайсына 555 600 теңгеден айыппұл салды. Сот үкіміне ризамыз. Апелляциялық шағым түсіретіндей ойымыз жоқ, — дейді адвокат Мәлика Байдекенова.

Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.

Қазақсанда кейінгі кезде коронавирусқа байланысты жалған құжат жасау оның ішінде ПТР тест пен вакцина паспортын қолдау жасау фактілері тіркелгені жайлы ақпараттар жиілей бастаған. Бір күн бұрын Маңғыстау облысының полициясы коронавирусқа қарсы вакцинаның 150 паспортын сатқан 8 адам ұсталды деп хабарлаған.

Бұған дейін ішкі істер министрлігі заңнамада жалған құжат жасау бойынша 4 жылға дейін түрме жазасы қарастырылғанын, оны пайдаланғандар 40 күнге дейін қамалуы мүмкін екенін ескерткен.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM