Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

БҰҰ тәліптердің Ауғанстанда өлім жазасын қолданғаны жайлы мәліметтерді талқылады

KAZAKBOL.COM

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссары Мишель Бачелет тәліптердің Ауғанстанда адам құқығын бұзғаны жайлы мәліметтер түсіп жатқанын мәлімдеді.

Оның сөзінше, тәліптер бақылауындағы аймақтарда адамдарды өлім жазасына тартқан және әйелдер мен қыздардың құқығын шектеген жағдайлар тіркеліп жатыр.

«Тәліптердің соңғы айларда адам өлтіргендері мен зорлық-зомбылықтарын есепке алғанда, Ауғанстанда ұлттық және діни азшылық өкілдеріне қауіп бар», — деді Бачелет 24 тамызда Женевада өткен БҰҰ-ның адам құқығы бойынша кеңестің жиналысында сөйлеген сөзінде.

Ол сөзінде Ауғанстанда адам құқықтарының қорғалуы бойынша бақылайтын арнайы орган құрып, жаңа механизм жолдарын қарастыру қажеттігін атап өткен.

БҰҰ-ның тәуелсіз сарапшылары қабылдаған бірлескен мәлімдемеде Ауғанстанда адамдардың көбі «үйме-үй аралап жүрген тәліптердің қолына түспес үшін жасырынуға мәжбүр болып жатқаны жазылған.

«Бүгінгі күні бізге тінтулер, қамауға алулар, кемсітулер, қорқытулар, меншік мүліктерін басып алу және кек алу бойынша мәліметтер келіп түсіп жатыр», — деп жазылған мәлімдемеде.

Ауғанстанда 1996 жылдан 2001 жылға дейін тәліптер басқарып тұрған кезде, шариғат заңы бойынша басқарылып, телекөрсетуге, киноға, музыка, өнерге тыйым салынып, қыздардың білім алуын шектеген.

«Талибан» бұл жолы ескіше басқарылмайды деп уәде берген. Тәліптер шариғат заңына сәйкес, қыздарға білім алуға рұқсат берілетінін мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM